Мемлекеттік ваучер жүйесі ата-аналарға балабақшаны өздері таңдауға мүмкіндік береді. Қаржы баламен бірге мекемеге аударылады.

Аудиторлар деректерді салыстырған кезде бір баланың бірнеше мекемеде қатар тіркелгенін анықтады. Бұл бюджет қаржысын негізсіз төлеуге әкелген.